сейсенбі, 18 қараша, 2025 17:18

Қазақстан және шетел ақпаратын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Байланыс

Астанада қызметтік міндетін атқару кезінде ауыр жарақат алған фельдшер қайтыс болды

Астанада қызметтік міндетін атқару кезінде ауыр жарақат алған фельдшер қайтыс болды
8 қарашадан бастап дәрігерлер оның өмірі үшін күресті.

Бүгін Астана қаласында қызметтік міндетін атқару кезінде ауыр жарақат алған фельдшер көз жұмды, – деп хабарлайды Oimaqnews.kz Aikyn.kz сайтына сілтеме жасап.

Оқиға тұрғын үй кешендерінің бірінде болған. Сыртқы кірпіш қаптамасының бір бөлігі құлап, бірнеше адам зардап шеккен. Оқиға орнына дереу жеткен жедел жәрдем қызметінің фельдшері зардап шеккендерге көмек көрсетіп жатқанда, өзі де құлаған кірпіш астында қалып қойған.

8 қарашадан бастап дәрігерлер оның өмірі үшін күресті. Бірақ алған жарақаттар өте ауыр болып, ақ халаттылар қолдан келгеннің бәрін жасағанымен, өмірін сақтап қалу мүмкін болмады.

– Бақилық болған әріптесіміз өз ісіне адал, жауапты маман ретінде танылған еді. Әріптестері оның ерлігі мен кәсібилігін ерекше атап өтті. Бұл оқиға – тек медициналық сала үшін ғана емес, бүкіл қоғам үшін орны толмас қаза. Қаза тапқан фельдшердің туыстарына, жақындарына және әріптестеріне көңіл айтамыз! – делінген Астана қаласы Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының басшысы жазған жазбада.

Оймақ
Автор

Оймақ

Қазақстан және шетел ақпараттарын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Ұқсас жаңалықтар