сәрсенбі, 19 қараша, 2025 11:43

Қазақстан және шетел ақпаратын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Байланыс

"Ажырасу тақырыбында кино түсіргім келеді": Мөлдір Мұқан продюсерлікке бет бұрды

"Ажырасу тақырыбында кино түсіргім келеді": Мөлдір Мұқан продюсерлікке бет бұрды
Ол өзінің продюсерлігімен түсірілген фильмнің жабық көрсетілімін өткізді.

Продюсер Мөлдір Мұқанова кино саласына бет бұратынын айтты, – деп жазды Oimaqnews.kz 

Продюсер кеше ғана өзінің продюсерлігімен түсірілген фильмнің жабық көрсетілімін өткізді. Ол енді ажырасу туралы кино түсіретінін айтты.

«Залға кіруге қатты қорқып, тығылып отырдым. Өйткені бұл алғашқы кино болғандықтан кемшіліктер болуы мүмкін. Тәжірибе жинап алдық. Келесі киноға идея көп. Осы жолы жай шет жағасын жеңіл-желпі көрсеттік. Енді келесіде  қоғамдағы өте өткір тақырыпты алатын боламыз. Сценарий жазылып жатыр. Негізі елімізде соңғы уақыттағы статистикаға қарасақ, ажырасу көбейген. Осы тақырыпта кино түсіргім келеді. Сол кино арқылы ажырасудың саны азайса, кем дегенде бір 10% отбасына әсер ететін болсақ, соның өзі үлкен жетістік деп ойлаймын», - дейді Мөлдір Мұқанова журналист Ирина Тенге берген сұхбатында.

Оймақ
Автор

Оймақ

Қазақстан және шетел ақпараттарын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Ұқсас жаңалықтар