Ақын ұлттық өнерді дәріптеп, айтыс дәстүрінің сақталуы мен дамуына еңбек сіңірді.
Белгілі айтыскер ақын, қазақтың дәстүрлі сөз өнерінің өкілі Әсия Беркенова 76 жасында дүниеден озды, деп хабарлайды Oimaqnews.kz
Әсия Беркенова қазақ айтысының қайта жандануына елеулі үлес қосты. Ол сахнада тапқырлығымен, суырыпсалмалық шеберлігімен және қоғамдағы өзекті мәселелерді көтерген жырларымен танылды.
Ақын ұлттық өнерді дәріптеп, айтыс дәстүрінің сақталуы мен дамуына еңбек сіңірді. Оның шығармашылығы қазақтың суырыпсалма ақындық өнерімен тығыз байланысты.
Марқұмның отбасы мен жақындарына, өнерсүйер қауымға көңіл айтылды.
Автор
Оймақ
Қазақстан және шетел ақпараттарын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.





