Ол бұл туралы әлеуметтік желідегі парақшасында жазды.
"Түркістан облысының Жетісай ауданындағы өрт салдарынан адамдардың қайғылы қазаға ұшырауы баршамыздың қабырғамызды қайыстырды. Бұл - орны толмас ауыр қайғы. Қаза тапқандардың туған-туыстарына, жақындарына көңіл айтамын, - деді министр.
Сүлейменова атап өткендей, Президенттің тапсырмасымен оқиғаның мән-жайы анықталуда, барлық қажетті көмек көрсету ұйымдастырылып жатыр. Осыған байланысты Үкіметтік комиссия құрылды.
Өңірлік бала құқықтарын қорғау жөніндегі уәкіл және Психологиялық қолдау орталығының мамандары жедел барып, жұмыс істеп жатыр.
Автор
Оймақ
Қазақстан және шетел ақпараттарын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.





