жұма, 22 қараша, 2024 23:29

Қазақстан және шетел ақпаратын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Байланыс

Анталья су астында қалды

Анталья су астында қалды
Фото: Hurriet
Толассыз жауын-шашын салдарынан Түркияның курорттық аймағы – Антальяда су тасқыны болды.

"Кешке Антальяның орталығында басталған нөсер түнде күшейе түсті. Жауын-шашын салдарынан жолдарда шалшықтар пайда болды. Тұрғындар мен көліктердің жүріп-тұруы қиындады. Кейбір ауданда үйлер мен жұмыс орындары су астында қалды. Сонымен қоса кейбір ауданда көлік қатынасы бұзылды", - деп жазады Ekonomim газеті.

Анталья әкімі тұрғындарға мәлімдеме жасап, қаладағы қолайсыз жағдайға байланысты шара қолданатынын айтты.

"Біздің провинциядағы су тасқынына және қолайсыз ауа райына байланысты Денсаулық сақтау департаментінің шешімімен қаладағы бес ауданда, атап айтқанда Ақсу, Дешемеалты, Кепез, Коньяалты, Мұратпашада сабақтар бір күнге тоқтатылды", - делінген хабарламада.

Оймақ
Автор

Оймақ

Қазақстан және шетел ақпараттарын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Ұқсас жаңалықтар