сенбі, 23 қараша, 2024 4:52

Қазақстан және шетел ақпаратын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Байланыс

Алматыда жер сілкінісінен соң жер үй күрт қымбаттады

Алматыда жер сілкінісінен соң жер үй күрт қымбаттады
Фото: ашық дереккөз
Алматыдағы жер сілкінісінен кейін қалада жеке сектордағы үйлердің бағасы қымбаттай түсті. Бұл туралы Қазақстан риэлторлары бірлескен қауымдастығы президентінің кеңесшісі Нина Лукьяненко айтты.

«Жер сілкінісінен кейін жеке сектордағы нысандарды сату мен жалдауға қызығушылықтың біршама артқаны байқалды. Осының аясында кей адамдар бағаны аздап көтерді. Бірақ, мұндай қызығушылық мәмілелерге еш әсер етпеді. Бұл жайт үй мен пәтер бойынша мәмілелер құрылымындағы үлестің қайта бөлінуіне айта қоярлықтай әсер етеді деп айта алмаймын», — деді ол.

Оның атап өтуінше, жер сілкінісінен кейін үй-жайлардың қауіпсіздігін тексеру мәселесі өткір көтерілді. 

«Жер сілкінісінен кейінгі алаңдаушылық тұрғын үйлердің немесе ескі тұрғын үй қорының қауіпсіздігі, үйлердің тектоникалық опырылу қаупі бар аймақта орналасуы, ғимараттардың беріктігі сынды мәселелерді талқылауға қарай ойысты. Дегенмен, сарапшылардың сендіруінше, үйлер аймақтың сейсмикалық қаупі ескеріле отырып салынады. Құрылыс барысында қажетті өлшемшарттар сақталады. Яғни, алаңдауға еш негіз жоқ», — деді Нина Лукьяненко.

Оймақ
Автор

Оймақ

Қазақстан және шетел ақпараттарын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Ұқсас жаңалықтар