сенбі, 23 қараша, 2024 8:45

Қазақстан және шетел ақпаратын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Байланыс

Қаржы министрі қанша жалақы алады?

Қаржы министрі қанша жалақы алады?
Фото: видеодан скриншот
Бүгін Парламент отырысының кулуарында жаңа сайланған қаржы министрі Мади Такиев тілшілердің сұрағына жауап беріп, қанша айлық алатынын айтты.

Ол тілшілердің “жалақыңыз туралы ақпарат алдыңыз ба” деген сұрағына жауап берді. 

"Жалақым қанша болатынын білдім. Бізде мемлекеттік қызметкерлерге бірыңғай кесте бар. Кестеге сай аламын. Миллионнан сәл жоғары, миллион немесе еңбек өтілімді ескеріп бір жарым миллион аламын”, – деді ол. 

Жақында ғана қаржы министрі болып тағайындалған Мәди Такиев “өз табысын жария ете ала ма” деген тілшілер сұрағына жауап беріп, “менің декларацияма келсек, мен оны жариялай аламын. Бірақ сіздер ол жерден ештеңе түсінбейсіздер”, – деп жауап берген еді. 

Оймақ
Автор

Оймақ

Қазақстан және шетел ақпараттарын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Ұқсас жаңалықтар