жұма, 20 қараша, 2026 13:25

Қазақстан және шетел ақпаратын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Байланыс

Алдағы демалыс күндері қар жауады

Алдағы демалыс күндері қар жауады
istockphoto.com
Жел күшейіп, тұман түседі.

«Қазгидромет» РМК баспасөз қызметі 2026 жылғы 21-23 қарашаға арналған Қазақстан бойынша ауа райы болжамын ұсынды, деп хабарлайды Oimaqnews.kz 

Синоптиктердің мәліметінше, алдағы күндері Қазақстан аумағының басым бөлігіне солтүстік-батыс циклондар сериясы әсер етеді.

«Алдымен оның ықпалына батыс өңірлер түседі. Кейін тұрақсыз ауа райы елдің солтүстік-батысы мен солтүстігіне таралады. Жаңбыр мен қар түрінде жауын-шашын күтіледі. Елдің солтүстігінде көктайғақ болады. Ауа температурасы айтарлықтай өзгермейді. Тек республиканың шығысында жауын-шашынсыз ауа райы сақталады», – делінген хабарламада.

Сондай-ақ республика бойынша жел күшейіп, тұман түседі деп болжанып отыр.

 

Оймақ
Автор

Оймақ

Қазақстан және шетел ақпараттарын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Ұқсас жаңалықтар