жұма, 20 қыркүйек, 2024 15:07

Қазақстан және шетел ақпаратын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Байланыс

"Көкжалдар мекені" қайтадан эфирге шығады

"Көкжалдар мекені" қайтадан эфирге шығады
https://www.haberler.com/
Түріктің әйгілі «Көкжалдар мекен» сериалының жаңа маусымы басталатын болды. Түркиялық медиадағы ақпараттарға қарағанда ұзақ жылдарға созылған үзілістен соң сериал Exxen платформасында көрсетіледі.

«Көкжалдар мекені. Хаос»  деген атпен жарық көретін сериалда басты  рөлді Неджати Шашмаз ойнайды. Ол  сериалда бұрынғыша Полат Алемдардың рөлін сомдайды. Одан бөлек сериалда Еркан Уфак, Еркан Север, Хакан Бояав, Айшегүл Чынар қатарлы әртістер ойнамақ.

Сериалдың сценарийін де бұрынғы мамандар жазуы мүмкін. Кейбір ақпараттарға қарағанда сериал сценарийстері Бахадыр Өздемир мен Ражи Шашмаз былтыр оңаша кездесіп, біраз дүниені талқылапты. Оларға сериалдың 99 бөлімінің тұжырымдамасын жасауға қатысқан Сонер Ялчын да қосылған. Шамасы сериалдың жаңа сценарийі  сол кездесуде белгілі болған сыңайлы.

 

Oimaqnews

Оймақ
Автор

Оймақ

Қазақстан және шетел ақпараттарын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Ұқсас жаңалықтар