Маңғыстау облысында тұрғыннан ақша бопсалады деген күдікті ұсталды
- авторОймақ
- 4 қазан, 2026
- 524
Маңғыстау облысында тұрғыннан ақша бопсалады деген күдікпен ер адам ұсталды, деп хабарлайды Oimaqnews.kz turkystan.kz. сайтына сілтеме жасап.
Алдын ала мәлімет бойынша күдікті күш қолданып және қорқытып, Ақтау қаласының тұрғынынан оның беделіне нұқсан келтіретін мәліметтерді таратпау үшін 300 мың теңге талап еткен.
1 қазанда жедел-іздестіру іс-шаралары барысында күдікті талап етілген ақшаның бір бөлігін алғаннан кейін ұсталды.
Жеке тінту кезінде одан арнайы белгі салынған ақша табылып, тәркіленді.
Аталған дерек Қылмыстық кодекстің 194-бабының 2-бөлігімен сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды. Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды.
Оқиғаның барлық мән-жайын анықтауға бағытталған кешенді тергеу-жедел іс-шаралары жүргізіліп жатыр.
Оймақ
Қазақстан және шетел ақпараттарын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.
Ұқсас жаңалықтар
Алматыда дәрігерлер төртінші қабаттан құлаған әйелдің өмірін сақтап қалды
- авторОймақ
- 17 қараша, 2026
"Биыл елімізде 355 буллинг дерегі анықталды": бұл Құрылтайдағы брифингте айтылды
- авторОймақ
- 17 қараша, 2026






