жексенбі, 4 қазан, 2026 11:13

Қазақстан және шетел ақпаратын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Байланыс

Талдықорғанда ер адам әйелін ұрып соққан: ең ауыр оқиға 2 қазанға қараған түні болған

Талдықорғанда ер адам әйелін ұрып соққан: ең ауыр оқиға 2 қазанға қараған түні болған
видео скрин
Қазір істің барлық мән-жайы анықталып жатыр.

Талдықорғанда әйел күйеуінің ұзақ уақыт бойы өзін ұрып-соғып, қорқытып келгенін мәлімдеді. Оның айтуынша, ер адам жауапкершіліктен қорықпайтынын айтып, қаладағы ықпалды адамдармен байланысы бар екенін алға тартқан. 2 қазанға қараған түні жанжал бірнеше сағатқа созылып, әйелдің полиция шақыруымен аяқталған, деп хабарлайды Oimaqnews.kz  Qaz365.kz. сайтына сілтеме жасап.

Әйелдің жақын құрбысының айтуынша, отбасындағы зорлық-зомбылық бір күнде басталмаған. Бұған дейін де құрбысының бірнеше рет күйеуінен соққы көріп, қорқытуға ұшырағанын айтады.

Жәбірленушінің сөзіне қарағанда, күйеуі оған күш қолданып қана қоймай, жауапкершіліктен құтылып кететінін де бірнеше рет айтқан. Ер адам өзін қаладағы «үлкен адам» деп атап, ақшасының жеткілікті екенін және істі «жаба алатынын» мәлімдеген-мыс.

Әйелдің айтуынша, ең ауыр оқиға 2 қазанға қараған түні болған. Жанжал ерлі-зайыптылардың бір жасар баласына қатысты тұрмыстық жағдайдан басталған. Әйелдің сөзінше, бала әкесіне ұйықтауға мүмкіндік бермеген. Алайда көп ұзамай жағдай ушыққан. 

Жәбірленуші күйеуі оны түнгі сағат төртке дейін ұрғанын мәлімдеді. Әйелдің айғайын естіген көршілер көмекке келген. Жәбірленушінің айтуынша, ер адам оларға да агрессия көрсетіп, суық қарумен арттарынан қуа бастаған. Алайда оқиға мұнымен аяқталмаған. Таңертең жанжал қайта жалғасып, әйелді тағы да соққыға жыққан. Нәтижесінде ол дене жарақатын алып, полиция шақырған.

Қазір істің барлық мән-жайы анықталып жатыр. Әйел күдіктінің жауапкершіліктен құтылып кетпеуін және өзіне қатысты жасалған әрекеттерге заң аясында тиісті баға берілуін сұрайды

 

Оймақ
Автор

Оймақ

Қазақстан және шетел ақпараттарын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Ұқсас жаңалықтар