Шымкентте ер адамның өліміне қатысты қылмыстық іс қозғалды – күдікті ретінде марқұмның жұбайы ұсталды. Ер адам пышақ жарақатынан көз жұмды, деп хабарлайды Oimaqnews.kz Жетінші арнаға сілтеме жасап.
Алдын ала нұсқа бойынша, жанжал кезінде оны өз әйелі пышақтап өлтірген болуы мүмкін.
Полиция қызметкерлері оқиғаның барлық мән-жайын анықтап жатыр.
Көршілерінің айтуынша, ерлі-зайыпты Самал-3 шағын ауданында пәтер жалдап тұрған және екі кәмелетке толмаған баланы тәрбиелеп отырған. Бұған дейін олар ерлі-зайыпты арасында ешқандай ұрыс-керіс немесе жанжал естімегенін және көрмегенін айтады.
Қазіргі уақытта әйелге қатысты қылмыстық іс қозғалды. Күдікті ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды.
Оймақ
Қазақстан және шетел ақпараттарын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.






