БАӘ-дегі Қазақстан елшісі кеңесшісінің ісімен құқық қорғау органдары айналысатын болады
- авторОймақ
- 6 мамыр, 2024
- 959
ҚР СІМ-нің мәліметінше, әйелі ұрып-соқты деп айыптаған БАӘ-дегі Қазақстан елшісі кеңесшісінің ісімен құқық қорғау органдары айналысатын болады, деп хабарлайды Oimaqnews.kz Ulysmedia.kz. сілтеме жасап.
ҚР СІМ ресми өкілі Айбек Смадияров Қазақстанның БАӘ-дегі елшісі кеңесшісінің әйелінің мәлімдемесіне түсініктеме берді.
Біз бұл қызметкерді Қазақстанға шұғыл түрде қайтарып аламыз. Бұдан әрі оның ісімен құқық қорғау органдары айналысатын болады, - деді Смадияров.
Еске салсақ, Қазақстан Республикасының Біріккен Араб Әмірліктеріндегі елшісінің кеңесшісі әйелі мен оның әпкесін ұрып-соққан.
Бұл туралы «НеМолчи» қорының жетекшісі Дина Таңсәрі әлеуметтік желідегі парақшасында жазды.
Ішкі істер министрлігінен Қазақстанның БАӘ-дегі елшісінің кеңесшісі жасап отырған әрекетке араласып, әйелін күйеуінен қорғауды талап етеміз. Ол әйелі мен оның әпкесін ұрып-соққан, - деп жазды ол.
Әйел өз видеоүндеуінде күйеуін түрмеге жабуды қалайтынын айтады.
"Мен, Мамаш Карина Госманқызы, БАӘ елшісінің кеңесшісі Мамаш Сәкен Ташкенбайұлының әйелімін. 10 жыл бойы зорлық-зомбылық көріп келемін. Мен жұбайымның маған көрсеткен бүкіл қорлығы үшін дипломат мәртебесінен айырылып, түрмеге жабылғанын қалаймын. Ол маған физикалық, жыныстық, эмоционалды, экономикалық, тұрмыстық зорлық-зомбылық көрсетті", - дейді зәбір көрген әйел.
Оймақ
Қазақстан және шетел ақпараттарын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.
Есімовтың қызы Forbes тізіміне енді
Ұқсас жаңалықтар
Будапешттегі Король сарайында Қазақстан Президентін ресми қарсы алу рәсімі өтті
- авторОймақ
- 20 қараша, 2024