Бурабай курортында 16 жастағы жасөспірім қайғылы қазаға ұшырады. Астаналық оқушы экскурсия кезінде қаза болғаны хабарланды, - деп хабарлайды Oimaqnews.kz Nayza Kokshe порталына сілтеме жасап.
5 мамырда курорт аймағына Астанадан он сегіз оқушы келгені хабарланды. Олардың екеуі велосипед жалдап, серуендеуге шыққан. Еңістен төмен түсіп келе жатқанда бала рөлге ие бола алмай, ағашқа соғылған. Алған жарақаттарынан жасөспірім оқиға орнында қаза болды.
Қауіпсіздік талаптарына сай келмейтін қызмет көрсетуге қатысты қылмыстық іс қозғалды.
"Алдын ала мәлімет бойынша, велосипедті жалға алған кәмелетке толмаған бала ағашқа соғылғаны анықталды. Ол оқиға орнында алған жарақаттарынан қаза болды. Қазіргі уақытта сараптама тағайындалды, тергеу жалғасып жатыр", - деп хабарлады Ақмола облысының Полиция департаменті.
Оймақ
Қазақстан және шетел ақпараттарын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.