жұма, 7 тамыз, 2026 19:24

Қазақстан және шетел ақпаратын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Байланыс

Тоқаев Халық қаһарманы Иван Гапичтің отбасына көңіл айтты

Тоқаев Халық қаһарманы Иван Гапичтің отбасына көңіл айтты
Сурет: ult.kz
Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Халық қаһарманы, соғыс және еңбек ардагері Иван Гапичтің отбасына көңіл айтты. Ардагер 1941 жылы майданға өз еркімен аттанған.

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Халық қаһарманы, соғыс және еңбек ардагері Иван Гапичтің отбасына көңіл айтты.

1941 жылы өз еркімен майданға аттанған Иван Степанович байланысшы қызметін атқарды. Ол Беларусьті азат етуге қатысып, Кенигсбергке дейін жетті. Соғыстан кейін оралдық ардагер өмірін прокуратура қызметіне арнады.

Президент жеделхатында: «Иван Степанович майданға өз еркімен аттанып, байланысшы ретінде соғыстың соңына дейін қатысты. Елге оралған соң ұзақ жылдар бойы прокуратура органдарында мінсіз қызмет атқарды. Адамгершілік қағидаттарынан айнымайтын әрі өз ісінің нағыз маманы ретінде ол әріптестері мен көпшілік арасында зор абыройға ие болып, құрметке бөленді», – деп жазылған.

Оймақ
Автор

Оймақ

Қазақстан және шетел ақпараттарын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Ұқсас жаңалықтар