бейсенбі, 6 тамыз, 2026 19:28

Қазақстан және шетел ақпаратын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Байланыс

ФИФА басшысы қызметін сақтап қалды

ФИФА басшысы қызметін сақтап қалды
FIFA
"Болашақта мұндай жағдайға жол бермеуге уәде беретінін" жеткізді.

Халықаралық футбол федерациясының (ФИФА) басшысы Джанни Инфантино халықаралық турнирлерді ішінара жекешелендіру жоспарына байланысты айтылған қатты сынға қарамастан өз қызметінде қалады. Бұл туралы 5 тамыз, сәрсенбі күні Рабатта өткен ФИФА басқармасының шұғыл кеңесінде белгілі болды, деп хабарлайды Oimaqnews.kz Qaz365.kz. сайтына сілтеме жасап.

Отырыс қорытындысы бойынша жарияланған ресми мәлімдемеде ФИФА бас хатшысы Маттиас Графстрём мен басқарма мүшелері қысымға ұшыраған Джанни Инфантиноға толық қолдау білдіргені айтылған. Сонымен бірге ФИФА барлық ұлттық және аймақтық футбол ұйымдарына хат жолдап, жіберілген қателіктер үшін «шын жүректен кешірім сұрайтынын» және «болашақта мұндай жағдайға жол бермеуге уәде беретінін» жеткізді.

«Әрқашан үйренетін нәрсе бар және ФИФА жинақталған тәжірибені ескере отырып, өз процестерін жетілдіруді жалғастырады», – делінген хабарламада.

Бұған дейін Еуропалық футбол ассоциациялары одағы (УЕФА) ФИФА-ны «жасырын схемаларды» жүзеге асырды деп айыптап, кінәлілерді жауапқа тартуға шақырған болатын. УЕФА өкілдері Инфантиноның ашықтықты қамтамасыз ету туралы сайлау алдындағы уәделерін орындамағанын және қазіргі басшылықтың тек Еуропада емес, бүкіл футбол қауымдастығында сенімнен айырылғанын мәлімдеген еді.

Даудың туындауына Инфантиноның Әлем чемпионаты мен басқа да турнирлердегі үлестерді жеке инвесторларға сату жоспары себеп болды. 30 шілдеде УЕФА-ға мүше 55 ұлттық ассоциация мен КОНКАКАФ бұл жоспар жүзеге асса, ФИФА турнирлеріне бойкот жариялайтындарын ескертті. Осыдан кейін, 1 тамызда Инфантино бұл жобадан бас тартатынын мәлімдеді.

 

Оймақ
Автор

Оймақ

Қазақстан және шетел ақпараттарын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Ұқсас жаңалықтар