сейсенбі, 14 шілде, 2026 2:03

Қазақстан және шетел ақпаратын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Байланыс

Алматы тауларында адасып кеткен екі жасөспірім табылды

Алматы тауларында адасып кеткен екі жасөспірім табылды
Олардың біріне алғашқы медициналық көмек көрсетілді .

Алматы тауларында Шымбұлақ шыңынан түсу кезінде адасып кеткен екі жасөспірім табылды. Олардың біріне алғашқы медициналық көмек көрсетілді, деп хабарлайды Oimaqnews.kz  turkystan.kz. сайтына сілтеме жасап.

Төтенше жағдайлар министрлігінің мәліметінше, жасөспірімдер Шымбұлақ шыңынан төмен түсу кезінде бағыттан жаңылып, белгіленген маршруттан ауытқып кеткен. Олар Башут шыңы маңынан табылды.

«Іздеу жұмыстарына құтқару қызметінің мамандары аттанды. Күрделі таулы аймақта құтқарушылар жасөспірімдерді тауып, аяғынан жарақат алған біреуіне алғашқы көмек көрсетті. Кейін альпинистік құралдардың көмегімен екеуін де қауіпсіз жерге эвакуациялады», – деп хабарлады ведомство.

Жасөспірімдер қауіпсіз жерге жеткізіліп, ата-аналарына тапсырылды.

ТЖМ өкілдері тауға шыққанда белгіленген бағыттан ауытқымау және жер бедерінің күрделілігін ескеру қажет екенін ескертті.

 

Оймақ
Автор

Оймақ

Қазақстан және шетел ақпараттарын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Ұқсас жаңалықтар