дүйсенбі, 13 шілде, 2026 18:18

Қазақстан және шетел ақпаратын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Байланыс

Тегін ота үшін науқастан ақша жинаған хирург сотқа тартылды

Тегін ота үшін науқастан ақша жинаған хирург сотқа тартылды
Фото: ашық дереккөз
Атырау облысында тегін медициналық көмекті ақылы қызмет ретінде көрсетіп, пациенттерді алдаған хирург-дәрігердің ісі сотқа жолданды. Ол екі жыл ішінде емделушілер мен мемлекетті миллиондаған теңгеге шығынға ұшыратқан.

Қаржылық мониторинг агенттігінің мәліметінше, дәрігер 2023-2025 жылдар аралығында «Family Health Clinic» және «Ким В.» клиникаларында жұмыс істеп, варикозды емдеген. Бірақ бұл операциялардың Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру (МӘМС) пакеті аясында тегін жасалатынын пациенттерден жасырып келген.

Салдарынан дәрігер бір қызмет үшін екі жерден ақша алып отырған. Ота тегін екенін білмеген 42 адам дәрігердің жеке банктік шотына жалпы көлемі 8 млн теңгеден астам ақша аударған. Ал «DamuMed» жүйесіне бұл операциялар тегін жасалды деп жалған мәлімет енгізген. Соның негізінде Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры клиникаларға 14,8 млн теңгеден астам қаражат төлеген.

Бұдан бөлек, хирург өз міндетін атқарғаны үшін науқастардан заңсыз ақшалай сыйақы алып отырғаны да белгілі болды. Қазір тергеу аяқталып, қылмыстық іс сотқа жіберілді. Күдікті дәрігерге қатысты «елден кетпеу туралы қолхат» бұлтартпау шарасы қолданылды.

Оймақ
Автор

Оймақ

Қазақстан және шетел ақпараттарын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Ұқсас жаңалықтар