сейсенбі, 23 маусым, 2026 13:45

Қазақстан және шетел ақпаратын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Байланыс

Қарт адамдарды алдап, ақша алып кеткен

Қарт адамдарды алдап, ақша алып кеткен
istockphoto.com
Қарт адамдардың байланыс деректерін анықтап, оларға қоңырау шалған.

Қарағандыда алаяқ интернет-ресурстарды пайдаланып, қарт адамдардың байланыс деректерін анықтап, оларға қоңырау шалған, деп хабарлайды Oimaqnews.kz turkystan.kz. сайтына сілтеме жасап. 

Өзінің кім екенін ашып айтпай, әңгімелесуді бейтарап сөздерден бастаған. Жәбірленушілер қоңырау шалушының кім екенін анықтауға тырысқан кезде, өздері оны Қазақстан Республикасынан тыс жерде тұратын туыстары деп болжаған.

Осы жағдайды пайдаланған алаяқ жәбірленушілердің жаңылысқан пікірлерін қолдап, сәлемдеме алу сылтауымен куръер арқылы ақша қаражатын беруге көндірген, кейіннен ақшаны өзі алып кетіп, оқиға орнынан бой тасалаған.

Қылмыстық әрекеттердің нәтижесінде 10 егде жастағы азамат жәбірленуші деп танылды, оларға 50 мың теңгеден 1 миллион 750 мың теңгеге дейінгі мөлшерде материалдық залал келтірілген.

Қылмыстық істі қарау қорытындысы бойынша сот алаяқты кінәлі деп танып, 4 жыл 7 ай мерзімге бас бостандығынан айыру жазасын тағайындады. Ол енді жазасын орташа қауіпсіздік мекемесінде өтейді.

Прокуратура азаматтарды белгісіз адамдардан келіп түсетін телефон қоңыраулары кезінде қырағылық танытуға, алынған ақпаратты туыстары арқылы тексеруге және ақша қаражатын бөгде адамдарға бермеуге шақырады.

 

Оймақ
Автор

Оймақ

Қазақстан және шетел ақпараттарын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Ұқсас жаңалықтар