сейсенбі, 23 маусым, 2026 13:28

Қазақстан және шетел ақпаратын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Байланыс

Көлік ұрлаудың жаңа схемасы пайда болды

Көлік ұрлаудың жаңа схемасы пайда болды
kazmobiltrans.kz
Қазір алаяқтық деректер жиілеп кеткен.

Қазақстанда логистикалық платформалар арқылы автокөліктер мен түрлі жүктерді тасымалдау кезінде жасалатын алаяқтық деректері жиілеп кетті, деп хабарлайды Qaz365.kz тілшісі Polisia.kz ақпараттық порталына сілтеме жасап.

Ішкі істер министрлігінің мәліметінше, қаскүнемдер көлік пен жүк тасымалдаушыларды іздеуге арналған «Della» және «Fa-Fa.kz» сияқты танымал сервистерді өз мақсаттарына пайдаланады. Алаяқтар көбіне Алматы қаласы мен Алматы облысынан елдің өзге өңірлеріне бағытталған жүк тасымалы туралы хабарландыруларды бақылап отырады. Олар WhatsApp мессенджері арқылы тапсырыс берушілерге өздерін «жүргізуші» немесе «ұйымдастырушы» ретінде, ал автовоз жүргізушілеріне «тапсырыс беруші» ретінде таныстырып, қос тараптың сеніміне кіреді. Автовоз Алматыдан шыққаннан кейін, күдіктілер жол жөнекей жүкті басқа көлікке қайта тиеуді ұйымдастырып, оны өз қалауынша иемденіп кетеді.

Мұндай қылмыстың бірі жақында Алматы қаласында тіркелді. 7 маусым күні полицияға қала тұрғыны хабарласып, белгісіз тұлғалардың оның қымбат автокөлігін алдау жолымен қолды қылғанын айтып арызданған. Жәбірленушіге келтірілген шығын көлемі 60 миллион теңгені құрады. Жедел-іздестіру шараларының нәтижесінде криминалдық полиция қызметкерлері ұрланған көлікті тауып, иесіне қайтарды. Қазіргі таңда осы қылмысты іске асырған үш күдікті ұсталып, тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

Осындай қылмыстық схемалардың құрбаны болмау үшін ІІМ азаматтарға жүргізушінің жеке куәлігі мен көлік құжаттарын мұқият тексеруді, телефон нөмірлерін хабарландырудағы мәліметтермен салыстыруды және маршрутты алдын ала жеке талқылауды ұсынады.

«Егер қандай да бір күдік немесе қауіп туындаса, тасымалдаушы қызметінен бас тартып, дереу "102" телефонына немесе жақын маңдағы криминалдық полиция бөлімшесіне хабарласу қажет», – деп ескертеді ведомство мамандары.

Оймақ
Автор

Оймақ

Қазақстан және шетел ақпараттарын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Ұқсас жаңалықтар