жұма, 29 мамыр, 2026 17:37

Қазақстан және шетел ақпаратын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Байланыс

Мұғалімдер сабақтан тыс жерде оқушыға жауапты емес

Мұғалімдер сабақтан тыс жерде оқушыға жауапты емес
shutterstock.com
Бүгін Сенатта заң жобасы мақұлданды.

Қазақстан Парламенті Сенаты педагогтардың құқығы мен міндетіне қатысты заңнамалық өзгерістерді екі оқылымда қарап, мақұлдады. Құжат мұғалімдердің жауапкершілік шегін нақты айқындап, оларды жұмыс уақытынан тыс болған жағдайлар үшін орынсыз жауапқа тартудан қорғауды көздейді, деп хабарлайды Oimaqnews.kz  Arasha.kz.сайтына сілтеме жасап.

Заң жобасындағы негізгі жаңалықтардың бірі – педагогтар мен білім беру ұйымы басшыларының оқушыларға қатысты құқықтық жауапкершілігін нақтылау. Енді мұғалімдер мен мектеп әкімшілігі білім алушылар немесе тәрбиеленушілермен байланысты оқиғалар үшін тек өздерінің кәсіби міндетін орындап жүрген кезде ғана жауапты болады.

Яғни педагогтың жауапкершілігі ресми жұмыс уақытымен, сабақ барысымен және білім беру процесімен шектеледі. Бұл норма мектептен тыс жерде немесе сабақ аяқталғаннан кейін болған жағдайларға байланысты мұғалімді негізсіз кінәлаудың алдын алуға бағытталған.

Сонымен қатар жаңа құжатта мектептерде ұялы телефон қолдану тәртібі де қарастырылған. Оқу-ағарту министрлігіне орта білім беру ұйымдарында оқушылардың смартфон пайдалану қағидаларын әзірлеп, бекіту құзыреті беріледі.

Бұл талап сабақ кезінде оқушылардың гаджетке алаңдауын азайтып, оқу процесіндегі тәртіпті бір жүйеге келтіруге мүмкіндік береді. Сондай-ақ мектеп ішіндегі смартфон қолдану мәселесі заң жүзінде реттелмек.

Сенаторлар мақұлдаған заң жобасы енді Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың қол қоюына жолданды. Құжатқа Мемлекет басшысы қол қойып, ресми жарияланғаннан кейін заң күшіне енеді.

Жаңа түзетулер білім беру саласында педагогтардың құқықтық қорғалуын күшейтіп, мұғалімдердің нақты міндеті мен жауапкершілік аясын айқындауға мүмкіндік береді.

Бөлісу:
Оймақ
Автор

Оймақ

Қазақстан және шетел ақпараттарын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Ұқсас жаңалықтар