жұма, 29 мамыр, 2026 17:36

Қазақстан және шетел ақпаратын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Байланыс

Астанада адам ұрлаған 6 азамат сотталды

Астанада адам ұрлаған 6 азамат сотталды
Фото: Известия
Прокуратура адам ұрлау қылмысы үшін заңнамада 15 жылға дейін, ал өз бетінше билік ету әрекеті үшін 7 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылғанын еске салды.

Астананың "Сарыарқа" ауданы прокуратурасы Орталық Азия елдерінің бірінің алты азаматына қатысты адам ұрлау және өз бетінше билік ету фактілері бойынша қылмыстық іс бойынша мемлекеттік айыптауды қолдады.

Сотта анықталғандай, 2024 жылғы 9 желтоқсанда топ мүшелерінің бірі көрсетілмеген қызмет үшін жәбірленушіден ақша талап етіп, күш қолдану арқылы оны 80 мың теңге аударуға мәжбүрлеген.

Кейін алдын ала сөз байласқан топ пайдакүнемдік мақсатпен жәбірленушіні күш қолданып, Астана қаласы аумағында ұрлап әкеткен.

Мемлекеттік айыптаушы сотталушылардың кінәсін дәлелдейтін жеткілікті айғақтарды ұсынды. Нәтижесінде Астана қаласының қылмыстық істер жөніндегі ауданаралық соты бес адамды адам ұрлау қылмысы үшін 8 жылға бас бостандығынан айырды.

Ал топтың тағы бір мүшесі адам ұрлауға көмектескені және өз бетінше билік еткені үшін 7 жыл 6 ай мерзімге сотталды.

Оймақ
Автор

Оймақ

Қазақстан және шетел ақпараттарын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Ұқсас жаңалықтар