сәрсенбі, 20 мамыр, 2026 11:38

Қазақстан және шетел ақпаратын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Байланыс

"145 депутат, 5 жылға сайланады": Парламент Құрылтай туралы заңды қабылдады

"145 депутат, 5 жылға сайланады": Парламент Құрылтай туралы заңды қабылдады
Фото: parlam.kz
Парламент депутаттары “Құрылтай туралы” Конституциялық заңды екінші оқылымда қабылдады.

Жаңа құжат бір палаталы Парламент Құрылтайдың мәртебесін, құрылымын және өкілеттіктерін айқындап, елдегі заң шығарушы жүйенің жаңа моделін бекітеді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Заң 15 наурызда өткен республикалық референдумда қабылданған жаңа Конституция нормаларын іске асыру мақсатында әзірленген.

Заңға сәйкес, Құрылтай бес жыл мерзімге сайланатын 145 депутаттан тұрады. Құжатта депутаттардың құқықтары мен міндеттері, депутаттық бірлестіктерді құру, парламенттік көпшілік пен оппозицияның жұмысы, депутаттық әдеп қағидалары бекітілген.

Сонымен қатар заң шығару құқығына ие субъектілер қатары кеңейтіледі. Енді бұл құқық Қазақстан Халық Кеңесіне де беріледі. Ол Құрылтайға тиісті шешім енгізу арқылы жүзеге асырылады.

Қабылданған заң Құрылтай мен Үкімет арасындағы өзара іс-қимыл тәртібін де реттейді. Үкімет мүшелігіне ұсынылған кандидаттарды талқылау, олардың есебін тыңдау және бюджетке қатысты бастамалар бойынша Үкіметтің үш ай ішінде қорытынды беру тәртібі енгізіледі.

Соннымен қатар Құрылтайға бірқатар маңызды кадрлық өкілеттіктер беріледі. Атап айтқанда, президент ұсынған вице-президентті, премьер-министрді, Конституциялық сот судьяларын, Орталық сайлау комиссиясы мен Жоғары аудиторлық палата мүшелерін тағайындауға келісім беру құқығы қарастырылған.

Бұдан бөлек, президенттің ұсынуымен Құрылтай депутаттарына Жоғарғы Сот судьяларын сайлау өкілеттігін беру ұсынылады. Заңда Конституциялық Сот пен Жоғарғы Сот судьяларын қол сұғылмаушылық құқығынан айыру тетіктері де қамтылған.

Еске салайық, бұған дейін Қасым-Жомарт Тоқаев бастамасымен жүргізіліп жатқан реформалар аясында депутаттардың рөлі мен жауапкершілігін арттыру мәселесі бұған дейін де бірнеше рет көтерілген еді. Алдыңғы саяси өзгерістер кезінде депутаттардың есеп беру тетіктерін күшейту, олардың сайлаушылармен байланысын арттыру және кәсіби құрамын жақсарту қажеттігі айтылды. 

Оймақ
Автор

Оймақ

Қазақстан және шетел ақпараттарын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Ұқсас жаңалықтар