сәрсенбі, 20 мамыр, 2026 11:38

Қазақстан және шетел ақпаратын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Байланыс

Алматы облысында «Samruk Alaman» республикалық спорт жарыстары аясында волейболдан аймақтық турнир өтеді.

Алматы облысында «Samruk Alaman» республикалық спорт жарыстары аясында волейболдан аймақтық турнир өтеді.
Фото: oimaqnews.kz
«Samruk Alaman» республикалық турнирлері еліміздің 12 өңірінде өтеді

 

2026 жылғы 19–20 мамыр күндері Алматы облысы, Қарасай ауданы, Әйтей ауылдық округіндегі «Айтей» спорт кешенінде «Samruk Alaman» республикалық спорт жарыстары аясында волейболдан аймақтық турнир өтеді. Турнир «Samruk-Kazyna Trust» корпоративтік қорының 10 жылдық мерейтойына орай ұйымдастырылуда. Турнирдің салтанатты ашылуы 20 мамыр күні сағат 12:00-де өтеді.

Жарыс «Самұрық-Қазына» АҚ компаниялар тобының қолдауымен салынған заманауи «Айтей» спорт кешенінде ұйымдастырылады. Жалпы аумағы 1800 шаршы метрді құрайтын спорт нысанында мини-футбол, волейбол, баскетбол және теннис алаңдары қарастырылған. Сонымен қатар кешенде күрес кілемі, бокс рингі және екі жолақты жүгіру жолағы бар. Заманауи инфрақұрылым спортшыларға кәсіби деңгейде жаттығып, жарыс өткізуге мүмкіндік береді.

Турнирге Алматы облысының әр өңірінен келген жас спортшылар қатысады деп жоспарлануда. Жарысқа 2009–2010 жылы туған жасөспірім ұлдар мен қыздар командалары қатысады.

Ауқымды спорттық доданың басты мақсаты — жастар арасында салауатты өмір салтын насихаттау, бұқаралық спортты дамыту және жас спортшылардың шеберлігін арттыру.

Турнир Қазақстан Республикасының Волейбол федерациясының ресми ережелеріне сәйкес өткізіледі. Жеңімпаз командалар кубок, медаль, грамоталар және арнайы сыйлықтармен марапатталады. Сонымен қатар үздік ойыншылар арнайы номинациялар бойынша анықталады.

Айта кету керек, «Samruk Alaman» республикалық спорт жарыстары еліміздің бірнеше өңірінде ұйымдастырылып жатыр. Жоба өңірлердегі спорт инфрақұрылымын дамытуға және жастарды спортқа баулуға бағытталған ірі әлеуметтік бастамалардың бірі болып саналады.

«Samruk-Kazyna Trust» корпоративтік қоры 10 жылдық мерейтойы аясында «Samruk Alaman» ауқымды спорт додасын өткізбек. Мамыр айында турнирлер еліміздің бес өңірінде жалауын көтеріп, кейін «Самұрық-Қазына» АҚ компаниялар тобы салған Қазақстандағы 19 спорт нысанының барлығын қамтиды.

Жарыстың алғашқы кезеңі Қызылорда қаласындағы Үстел теннисі орталығында өтті. Енді «Samruk Alaman» турнирлерінің кезекті кезеңі Алматы облысында жалғасады. 19 мамыр Қарасай ауданына қарасты Айтей ауылдық округіндегі «Айтей» спорт кешенінде волейболдан аймақтық турнир өтеді.

«Айтей» кешені — «Самұрық-Қазына» қоры қолдауымен салынған еліміздегі алғашқы ауа-тіректі спорт нысаны. 2020 жылы іске қосылған бұл бірегей жоба кейін өзге өңірлерге үлгі болып, бүгінде осындай нысандардың саны 11-ге жетті. Мұндай спорт кешендері жастардың тұрақты жаттығуына, жарыстар өткізуге және бұқаралық спортты дамытуға мүмкіндік береді. Ал «Samruk Alaman» турнирі осы инфрақұрылымның өңір тұрғындары игілігіне нақты қызмет етіп жатқанын көрсетеді. Мамыр-маусым айларында жоба бес өңірден бастау алып, кейін тағы 14 спорт нысанын қамтиды. Жалпы, турнир аясында 1000-ға жуық жас спортшы үстел теннисі, дзюдо, волейбол, футбол және футзалдан «Samruk Alaman» кубогы үшін бақ сынайды», — деп атап өтті Аман Төрегельдин, «Samruk-Kazyna Trust» корпоративтік қорының бас директорының орынбасары.

Бүгінде Корпоративтік қордың қолдауымен салынған спорт нысандары өңірлерде бұқаралық спортты дамытудың маңызды тірегіне айналды. Соңғы 10 жыл ішінде «Samruk-Kazyna Trust» 434 әлеуметтік жобаны жүзеге асырды. Оның ішінде 12 өңірде жыл сайын 750 мыңға жуық адамды қамтитын 19 спорт нысаны бой көтерді. Бұл кешендер қала тұрғындары үшін де, ауыл жастары үшін де спортпен шұғылдануға, жарыстар өткізуге және салауатты өмір салтын қалыптастыруға мүмкіндік беретін қоғамдық кеңістікке айналып отыр.

Спорт инфрақұрылымын дамыту жұмыстары алдағы уақытта да жалғасады. Биыл тағы төрт көпфункционалды спорт кешенінің құрылысы басталды. Сонымен қатар ерекше қажеттілігі бар спортшыларға арналған орталықтарды ашу арқылы инклюзивті спорт ортасын қалыптастыруға да басымдық беріледі.

 

 

 

Оймақ
Автор

Оймақ

Қазақстан және шетел ақпараттарын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Ұқсас жаңалықтар