Мәжілістің жалпы отырысында Мұрат Ергешбаевтың депутаттық өкілеттігін мерзімінен бұрын тоқтату мәселесі қаралды, деп хабарлайды Oimaqnews.kz
Ергешбаев Қызылорда облысының әкімі қызметіне тағайындалуына байланысты Мәжіліс депутаты мәртебесінен айырылды. Ол бұл лауазымға 2026 жылғы 8 мамырда Мемлекет басшысының жарлығымен тағайындалған болатын.
Мәжіліс төрағасы Ерлан Қошанов оның палатадағы жұмысына алғыс айтып, жаңа қызметіне табыс тіледі.
"Біз алғашқы күндерден бастап тығыз жұмыс істедік. Барлық депутаттың атынан мәжілістегі белсенді жұмысы үшін алғысымды білдіремін. Өткен аптада ол Қызылорда облысының әкімі болып тағайындалды, бұл өте жауапты қызмет. Біз оған жемісті жұмыс тілейміз", – деді мәжіліс төрағасы Ерлан Қошанов.
Айта кетейік, бұған дейін Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Мұрат Ергешбаевты Қызылорда облысының әкімі етіп тағайындау туралы жарлыққа қол қойған еді.
Оймақ
Қазақстан және шетел ақпараттарын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.
Мұқаев "көк папка дауына" қатысты пікір білдірді
Ұқсас жаңалықтар
Қызылордада "Ұрпаққа ұран болған ұлы жеңіс" атты салтанатты шара өтті
- авторОймақ
- 9 мамыр, 2026






