Қазақстан жеңіл атлетика федерациясы XX Жазғы Азия ойындары мен V Азия Пара ойындарының жүлдегер спортшылары мен олардың жаттықтырушыларын салтанатты түрде марапаттады, деп хабарлайды Oimaqnews.kz turkystan.kz. сайтына сілтеме жасап.
Рәсімге Спорт және дене шынықтыру істері комитетінің төрағасы Руслан Бақытұлы мен Федерацияның бірінші вице-президенті Алпамыс Бақытұлы қатысты.
Марапаттау рәсімінде спортшылар мен бапкерлерге ақшалай сертификаттар табысталды. Сондай-ақ Азия ойындарында ерекше ерлік көрсеткен Ясмина Тоқсанбаеваға бір бөлмелі пәтердің кілті тапсырылды. Пәтер Федерация мен демеушілердің қолдауымен берілді.
Бұдан бөлек, ұлттық құраманың табысты өнер көрсетуіне үлес қосқан мамандарға арнайы сыйақылар тағайындалып, спортшылардың дайындығына қолдау көрсеткен серіктес ұйымдарға алғыс хаттар табысталды.
Еске сала кетейік, Ясмина Тоқсанбаева Жапонияда өткен Азия ойындарында марафондық спорттық жүрістен иеленген алтын медалінен айырылған болатын.Жарыстың жаңартылған хаттамасында 42,195 шақырымдық қашықтықта спортшының нәтижесі дисквалификацияланғаны көрсетілген. Бұған спортшы пайдаланған аяқ киім үлгісінің талаптарға сәйкес келмеуі себеп болған.
Ал Жеңіл атлетика федерациясы Ясмина Тоқсанбаеваға тиесілі барлық сыйақы толық көлемде төленетінін мәлімдеген болатын.
Оймақ
Қазақстан және шетел ақпараттарын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.





