дүйсенбі, 2 қараша, 2026 10:23

Қазақстан және шетел ақпаратын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Байланыс

Нұрқожа Қайпанов әлем чемпионатында күміс жүлде иеленді

Нұрқожа Қайпанов әлем чемпионатында күміс жүлде иеленді
ҰОК
Қазақстандық балуан Нұрқожа Қайпанов Астанада өткен күрестен әлем чемпионатының күміс жүлдегері атанды. Ол 1 қарашада еркін күрестен 74 келіге дейінгі салмақ дәрежесінің финалында белдесті.

Ақтық сында отандасымыз ресейлік Иналбек Шериевке жол беріп, жарысты екінші орынмен аяқтады.

Қайпанов финалға дейін төрт қарсыласын жеңді. Ол Косово өкілі Эгзон Хониден, әзербайжандық Туран Байрамовтан, тәжікстандық Виктор Рассадиннен және жапониялық Йошиносуке Аоягиден басым түсті. Нұрқожа осы чемпионатта Қазақстан құрамасынан финалға шыққан жалғыз балуан болды.

Бұл — спортшының әлем біріншілігіндегі төртінші жүлдесі. Бұған дейін ол 2019 жылы күміс, 2024 жылы алтын, 2025 жылы қола медаль жеңіп алған.

Бөлісу:
Оймақ
Автор

Оймақ

Қазақстан және шетел ақпараттарын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Ұқсас жаңалықтар