"Ананың бойындағы қорқыныш, үміт қатар жүретін қандай сәт…": Төреғалидың жары әсерлі жазба жариялады
- авторОймақ
- Бүгін, 09:00
- 20
Қазақстандық әнші Төреғали Төреәлінің жары Толқын Тұрарбекқызы жетінші сәбиін дүниеге әкелгеннен кейін әлеуметтік желіде әсерлі жазба жариялады, деп жазады Oimaqnews.kz turkystan.kz. сайтына сілтеме жасап.
Толқын Тұрарбекқызы босанған сәттегі ішкі күйін жасырмай, ананың жүрегіндегі қорқыныш пен үміттің қатар жүретінін айтты.
«Ананың бойындағы қорқыныш, үміт қатар жүретін қандай сәт… Іштей өзімді бәріне дайындап келе жатырмын. Дәл сол сәтте көз алдыма тек балаларым келе берді… Оларға аман оралудың осыншалықты бақыт екенін түсіндіріп қояды ғой», – деп жазды ол.
Сондай-ақ ол өміріндегі ең ауыр кезеңдердің бірінде иманға келгенін де жеткізді.
«Алланыкі екенімді осы екі өмірдің ортасында қатты сезіндім. Күнделікті өмірде ауыз сөйлей береді екен», – деді ол көзіне жас алып.
Оймақ
Қазақстан және шетел ақпараттарын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.





