дүйсенбі, 6 сәуір, 2026 13:25

Қазақстан және шетел ақпаратын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Байланыс

Қарағанды маңында аударылған автобуста зардап шеккендердің басым бөлігі үйіне жіберілді

Қарағанды маңында аударылған автобуста зардап шеккендердің басым бөлігі үйіне жіберілді
фото: Видеодан скрин
Аударылған автобус жолаушыларының көпшілігі ауруханаға жатқызуды қажет етпеді. Қазіргі уақытта стационарда санаулы ғана адам қалып, олардың жағдайын дәрігерлер орташа ауыр деп бағалап отыр.

Қарағанды облысында вахталық автобус қатысқан жол-көлік оқиғасынан зардап шеккендердің жағдайы нақтыланды.

— 44 пациент тексеруден кейін амбулаториялық ем алуға жіберілді. Жеті адам стационарда қалып отыр, олардың жағдайы орташа ауыр деп бағалануда, барлық қажетті медициналық көмек көрсетілуде, — деп хабарлады Қарағанды облысының денсаулық сақтау басқармасы.

Еске салайық, жол-көлік оқиғасы Қарқаралы ауданында, Бесоба ауылынан 15 шақырым жерде болған. Ішінде 50 жұмысшысы бар вахталық автобус аударылып кеткен. 

Оқиға салдарын жоюға құтқарушылар, медицина қызметкерлері және полиция қызметкерлері жұмылдырылды. Зардап шеккендердің бір бөлігі Қарағанды қаласының медициналық мекемелеріне, сондай-ақ Ботақара кентіндегі ауруханаға жеткізілді. Жағдай Төтенше жағдайлар министрлігінің бақылауында.

Оймақ
Автор

Оймақ

Қазақстан және шетел ақпараттарын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Ұқсас жаңалықтар