Жолаушылардың айтуынша, вагонда тарақандар емін-еркін жорғалап жүрген. Бір әйел үстелге қараса, үстімен жәндіктер өріп жүргенін көрген. Ол жағдайға наразылық білдіргенімен, нақты шешім болмаған.
«Ақша төлеп, осындай жағдайда жүруіміз керек пе?» деп ашуланды жолаушылар.
Бұл оқиға әлеуметтік желіде тез таралып, жұрттың ашуын туғызды.
Әңгіме енді жай комфорт емес, санитарлық талаптардың сақталмауы туралы болып отыр.
Ал «Қазақстан темір жолы» бұл пойыздың жеке тасымалдаушыға тиесілі екенін айтып, жауапкершіліктен шет қалды.
Сарапшылар мұндай жағдайлар бақылаудың әлсіздігін көрсетеді дейді. Қарапайым халық үшін қауіпсіз әрі таза жол жүру әлі де өзекті мәселе болып тұр.
Автор
Оймақ
Қазақстан және шетел ақпараттарын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.




