Жантүршіктірер оқиға: Жалдамалы пәтерден екі жас баланың денесі табылды
- авторОймақ
- 8 ақпан, 2024
- 252
7 ақпанда Түркістан қаласының жалдамалы пәтерлерінің бірінен екі жас баланың денесі табылған, – деп хабарлайды Oimaqnews.kz
Облыстың бас полицейі Мұрат Қабденов қылмыстық істің фактісін растап, балалардың денесі өлім себебін анықтау үшін сараптамаға жіберілгенін хабарлады.
Қазіргі уақытта болған оқиғаның барлық мән-жайын анықтау және балалардың қайтыс болғаны мен олардың мекен-жайы туралы құрбысына хабарлаған ананың, яғни Қызылорда облысы тұрғынының орналасқан жерін анықтау мақсатында қажетті жедел-тергеу шаралары жүргізіліп жатыр.
«Істің тергеу барысы – менің жеке бақылауымда. Тұрғындардан жалған ақпарат таратпауды сұраймын. Жалған ақпарат таратқанға жауапкершілік қарастырылғанын ескертемін және азаматтарды тек ресми дереккөздерден алынған мәліметтерге сенуге шақырамын», - деді облыстық полиция басшысы.
"Өз балаларын тұншықтырып өлтірді" деген күдікпен іздестіріліп жатқан әйел Қызылорда облысы Шиелі ауданындағы А.С.Пушкин атындағы №46 мектеп-лицейде мектепке дейінгі сыныпта тәрбиеші болып жұмыс істеген.
«Жағдай әлі толық зерттелген жоқ және әзірге ешқандай нақты ақпарат жоқ. Болжам жасап, жалған ақпарат таратпауға шақырамыз», – деді Шиелі аудандық білім бөлімінің өкілдері.
Оймақ
Қазақстан және шетел ақпараттарын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.