Бүгін Сенаттың жалпы отырысында Ақмарал Әлназарованың депутаттық өкілеттігі тоқтатылды, деп хабарлайды Oimaqnews.kz
ҚР Орталық сайлау комиссиясының мүшесі Шавхат Өтемісов А.Әлназарованың басқа қызметке ауысуына орай оның депутаттық өкілеттігін мерзімінен бұрын тоқтату туралы ұсынымды жариялады.
Палата отырысында сенаторлар депутаттың өкілеттігін тоқтату жөніндегі қаулы қабылдады.
Бұдан бұрын хабарланғандай, жақында Мемлекет басшысының Жарлығымен Ақмарал Шәріпбайқызы Әлназарова Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрі лауазымына тағайындалды.
Ақмарал Шәріпбайқызы 1971 жылы Қызылорда қаласында туған.
Алматы мемлекеттік медицина институтын (1994) «педиатрия», Қорқыт университетін (2006) «экономист» мамандығы бойынша бітірген.
Қазақстанда да, шетелде де қосымша оқудан өтті. Медицина ғылымдарының докторы.
Оймақ
Қазақстан және шетел ақпараттарын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.