сенбі, 23 қараша, 2024 9:43

Қазақстан және шетел ақпаратын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Байланыс

Қазақстанға Қырғызстаннан гуманитарлық көмектің екінші партиясы аттанды

Қазақстанға Қырғызстаннан гуманитарлық көмектің екінші партиясы аттанды
Фото: kaktus.media
Қазақстанда су тасқынының зардап шеккендерге арнап Қырғызстаннан «Көмек керуені» гуманитарлық жүгінің екінші партиясы аттанды. Бұл туралы Қырғыз Республикасының төтенше жағдайлар министрлігі мәлімдеді.

Гуманитарлық көмек қырғызстандық сүт өнімдерінен – 10 мың литр айран, 14,2 мың қорап қаймақ, 10 мың литр сары май, 10 мың литр өсімдік майы, 20 мың тонна ірімшік, 80 мың тонна құрғақ майсыздандырылған сүттен тұрады.

«Бұл көмекті қырғыз халқы бірігіп жинап берді, сонымен қатар президенттің резервтік қорынан қосымша қаражат бөлінді», — дейді ТЖМ өкілдері.

Айта кетейік, 6 сәуір күні елімізге Қырғызстаннан 15 фургонға тиелген 300 тонна гуманитарлық көмек жеткен еді. Ол Қазақстанның су басқан төрт облысына таратылды.

Оймақ
Автор

Оймақ

Қазақстан және шетел ақпараттарын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Ұқсас жаңалықтар