Қырғыз белсенділері Қазақстанға қолдау көрсету марафонын ұйымдастырып жатыр
- авторОймақ
- 13 сәуір, 2024
- 488
Осынау кең ауқымды шараға танымал тұлғалар, қарапайым адамдар қатысады деп күтілуде. «Инициатива 112» бастамасы үйлестірушілерінің бірі әрі журналист Нуриза Чынтемированың айтуынша, тікелей эфир TikTok, Instagram тәрізді көптеген әлеуметтік желіде өтеді. Марафонда қайырымдылық үшін қаржы жинау мен су тасқынының зардабымен күресушілерді ақпараттық қолдау мақсаты да көзделген.
Марафон үздіксіз 112 сағатқа созылады. Іс-шараға қатысуға әркімнің мүмкіндігі бар. Ұйымдастырушылар түрлі платформалардың сілтемесін жариялап жатыр.
Марафонды қолдаушылар қарасы да аз емес. TÜRKSOY бас хатшысы Сұлтан Раев арнайы үндеу жасап қолдау білдірді.
Белсенді азаматтардың бірі Атай Бейшенбек Oimaqnews тілшісіне шара 112 сағат бойы жалғасу үшін әлемнің көптеген елінен азаматтар қатысатынын айтты.
«112 сағаттық тікелей эфирге мәдениет қайраткерлері, спортшылар, шоу бизнес өкілдері, экологтар, кәсіпкерлер және түрлі азаматтар қатысады. Түрлі тақырыптар қозғалады. Қырғызстан, Қазақстан, Түркия, Әзербайжан және өзге елдерден қонақтар шақырылады. Ұйымдастырушылар спикерлермен келісіп жатырмыз. Енді неге 112 деген атауды таңдағанымызға келсек, бұл әдетте құтқару қызметінің нөмірі ретінде танылған. Эфир біздің жақта аяқталса, АҚШ-та жалғасуы мүмкін. Бізд түн болса, оларда күндіз болатындықтан эфир күні-түні үзілмейді», - деді.
Марафонға төмендегі сілтемелер арқылы да қатысуға болады.
Фэйсбук https://www.facebook.com/initiative112
ТикТок https://www.tiktok.com/@initiative112?_t=8lPfK3ir2iV&_r=1
Инстаграм https://www.instagram.com/initiative112?igsh=MTVqcnNibzk3djd6ag==
Оймақ
Қазақстан және шетел ақпараттарын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.