жұма, 27 ақпан, 2026 17:21

Қазақстан және шетел ақпаратын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Байланыс

Тағы бір соғыс өрті тұтанды

Тағы бір соғыс өрті тұтанды
Фото: © John Moore/ Getty Images
Бұл жолы Ауғанстан Пәкістанға қарсы әскери операция бастағанын мәлім етті.

Еuronews бұған "Талибан" қозғалысы өкілдерінің тікелей қатысы бар екенін жазады, деп хабарлайды inbusiness.kz сайтына сілтеме жасап Oimaqnews.kz

Пәкістанға қарсы жасалған кең ауқымды шабуыл операциясы туралы Ауған тарапының әскери және үкіметтік шенеуніктері де айтып отыр. Олар қазіргі уақытта Пәкістанның шекара маңындағы блокбекеттеріне шабуыл жасап жатыр. Осы күні 15 бекет бақылауға алынған, ауған жағынан шығын жоқ.

Әзірге Пәкістан билігі аталған ақпаратқа қатысты ресми түсініктеме бермей отыр. 
Кабул операция Пәкістанның жексенбіге қараған түні Ауғанстанның Нангархар және Пактика провинцияларына жасаған әуе соққыларына жауап екенін мәлімдеді.

БҰҰ-ның Ауғанстандағы миссиясының деректеріне сай, әуе шабуылдары салдарынан кемінде 13 бейбіт тұрғын жер жастанған. Ал ауған билігі 18 адамның қайтыс болғанын хабарлады.
Пәкістан тарапы әуе соққылары нәтижесінде 80-нен аса қарулы содыр жойылғанын хабарлады. Исламабад бұл соққыларды "ел аумағында жанкештілер жасаған бірқатар терактіге жауап" деп атады.

Пәкістан билігі "Талибанды" "содырлар мен террористердің өз аумағынан Пәкістанға өтуіне тосқауыл қоймай отыр" деп есептейді және айыптайды. Ауған тарапы мұны әрдайым жоққа шығарып келеді. 

Оймақ
Автор

Оймақ

Қазақстан және шетел ақпараттарын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Ұқсас жаңалықтар