сенбі, 21 қараша, 2026 20:14

Қазақстан және шетел ақпаратын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Байланыс

Словакияда қазақстандық студенттер ауыр айыппен ұсталды

Словакияда қазақстандық студенттер ауыр айыппен ұсталды
видео скрин
Оқиға Словакияның Тренчин қаласында болған.

Словакияда үш қазақстандық студент ақша бопсалау және адамды заңсыз алып кету ісіне қатысы бар деген күдікпен ұсталды. Тергеу мәліметінше, олар өздерін полиция қызметкерлері ретінде таныстырып, жергілікті тұрғынға күш қолданған. Кінәсі дәлелденсе, 15 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін, деп хабарлайды Qaz365.kz словакиялық TV JOJ және TN Live басылымдарына сілтеме жасап.

Оқиға Словакияның Тренчин қаласында болған. Жергілікті БАҚ мәліметінше, 18 бен 21 жас аралығындағы бес жігіт бір тұрғыннан ақша бопсалауды жоспарлаған. Олар полиция қызметкерлеріне ұқсап киініп, сол тұрғынның әжесінің үйіне барған.

Күдіктілер үйге кіріп, бөлмелерді тінтіген және немересінің қайда екенін сұраған. Кейін ер адамды жертөледен тауып, ұрып-соғып, өздерімен бірге алып кеткен деген күдік бар. Оқиға кезінде үйде болған егде жастағы әйел қатты қорқып қалғанын айтқан.

«Бұл өте қорқынышты жағдай болды. Әлі күнге дейін өз-өзіме келе алмай жүрмін», – деген ол TN Live тілшілеріне.

Полиция қылмысқа қатысы бар деген күдікпен төрт студентті ұстаған. Олардың үшеуі – Қазақстаннан келген жастар. Бесінші күдікті қашып кеткен.

Күдіктілердің бірінің адвокаты Мартин Бурай тағылған айыппен келіспейтінін мәлімдеген. Оның айтуынша, тергеу құжаттарында көрсетілген оқиға мән-жайлары шындыққа сәйкес келмеуі мүмкін.

Тренчин университетінің ректоры Йозеф Хабаник студенттердің қылмысқа қатысы расталса, олардың оқудан шығарылуы мүмкін екенін жеткізген.

Словакиялық БАҚ хабарлауынша, күдіктілерге 10 жылдан 15 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы қаупі төніп тұр. Оларды қамауға алу мәселесі 20 қарашада сотта қаралуы тиіс болған.

 

Оймақ
Автор

Оймақ

Қазақстан және шетел ақпараттарын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Ұқсас жаңалықтар