сейсенбі, 17 ақпан, 2026 12:19

Қазақстан және шетел ақпаратын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Байланыс

Санжар Бокаев бірнеше айдан кейін алғаш рет видео жариялады

Санжар Бокаев бірнеше айдан кейін алғаш рет видео жариялады
qazpolit.org
Қоғам белсендісі Санжар Бокаев бірнеше ай үнсіздіктен кейін әлеуметтік желіде алғаш рет видео жариялады.

 

Қазір ол АҚШ-та тұрып жатқанын айтты. Белсендінің сөзінше, өткен жылы Америкада ашқан бизнесі сәтті жүріп жатыр. Өз бағалауынша, жұмысы «өте жақсы» дамуда.

Бокаев қараша айынан бері неге көрінбей кеткенін де түсіндірді. Оның айтуынша, уақыт өте келе айтылған мәселелер ешкімге қажет емес деген ойға келген.

«Бір кезде түсіндім — ақырында ешкімге ештеңе керек емес. Мұның бәрін көрсетудің мәні бар ма, егер мемлекетке де, қоғамға да қажет болмаса», — деді ол видеода.

Сондай-ақ, белсенді өзін үнемі тек жағымсыз жаңалық айтатын адам ретінде сезінуден шаршағанын жеткізді. Видео соңында ол көрермендерге қолдау көрсеткені үшін алғыс айтып, байланыста болуға уәде берді.

Видео Instagram желісіндегі парақшасында жарияланды.

 

Оймақ
Автор

Оймақ

Қазақстан және шетел ақпараттарын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Ұқсас жаңалықтар