жұма, 20 қыркүйек, 2024 13:03

Қазақстан және шетел ақпаратын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Байланыс

"Білегі көгеріп тұрды": Нүкенованың көмекшісі сотта жауап берді

"Білегі көгеріп тұрды": Нүкенованың көмекшісі сотта жауап берді
Фото: Жоғарғы Сот
Экс-министр Қуандық Бишімбаевтың сотында Салтанат Нүкенованың көмекшісі болған Анар Тасова жауап берді. Ол Нүкенова астролог болған кезде көмекшісі болған.

Анар Тасова бір рет Бишімбаевтың үйінен Салтанатты алып кеткенін айтады. Сол кезде Салтанаттың еңсесі түсіп тұрғанын көрген.

«Бетінен соққы ізін байқамадым. Мүмкін, ол боянып алғаннан кейін де шығар. Бірақ мойнының сол жақ бөлігінде жіптің ізі болды. Тіпті екеуміз бірге түскен фотосурет те бар. Сол суретте де көрініп тұр. 5 шілдеде Салтанат екеуміз селфи жасағанбыз. Салтанат бір қырын беріп түсті. Мен дәретханаға бірнеше рет барып, жылап алдым. Ол соны көріп отырды. Мен оны көрмес үшін маған көрсетпей бір қырымен отыратын. Білегі ашық көйлегінен көгергенін көрдім. Едәуір үлкен, көгерген іздер. Қорқынышты болды», - дейді ол.

Анар Тасова Салтанат Нүкенова өзіне ылғи күйеуімен ұрсысатынын, Бишімбаев оны әбден қадағалап, соғатынын айтатынын есіне алады. 

«Қазбалап сұрамайтын едім. Өйткені оған онсыз да ол жайлы айту ауыр болған», - дейді ол.

Жәбірленуші тараптың адвокатының бірі Салтанаттың денесі көгергенін көріп, ағасына неге айтуды неге ұсынып көрмедіңіз деп сұрады. 

«Мен Салтанатқа «қазір әуежайға барайық, сол жаққа барайық, билет қарайық» дедім. Павлодарға билет іздегенде таппадық. Мен Салтанатқа «Айтбекке мен айтайын» деп ұсындым. Ағасының нөмірі  бар еді. Бірақ Салтанат ешкімге айтпа деді», - дейді Анар Тасова.

Сотталушы Қуандық Бишімбаевтың өзі Анар Тасоваға бірнеше сұрақ қойды. Салтанаттың мойнында “жіптің ізі болғанын қайдан білдіңіз, оның өзі сізге айтты ма?” деп сұрады. Анар Салтанаттың өйтіп өзіне айтпағанын, бірақ Салтанат өз-өзіне ондай жарақат сала алмайтынын жеткізді.

Анар Тасова сұрақ-жауап барысында Салтанат Нүкенова тұрмысқа шықпас бұрын өзіне айына шамамен 250-300 мың теңге төлегенін айтты.

Оймақ
Автор

Оймақ

Қазақстан және шетел ақпараттарын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Ұқсас жаңалықтар