Қоғам
Қайғылы түннің куәгері: Байжановтың адвокаттары Салтанаттың өліміне куә кісіні әкеледі
- авторОймақ
- 10 сәуір, 2024
- 483
Салтанат Нүкенова өлген күні қылмысты жасырды деп айыпталған Бақытжан Байжановтың адвокаттары сол оқиғаны көрген жаңа куәгерді сотқа шақыруға уәде берді.
– Біз Байжановтан жауап алғаннан кейін өте маңызды куәгерді шақырамыз. Айталық, ол тіпті сол оқиға болған күннің куәгері, - деді Байжановтың адвокаты.
Бақытжан Байжанов – Қуандық Бишімбаевтың туысы. Bau гастроорталығы мен мейрамханасының директоры болған. Байжанов аса ауыр қылмысты жасырды (қылмыстық Кодекстің 432-бабы) және ауыр қылмыс туралы хабарламады (қылмыстық кодекстің 434-бабы) деген айыппен қамауда отыр.
Автор
Оймақ
Қазақстан және шетел ақпараттарын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.