Оңтүстік Кореяның Чонджу қаласындағы ағынды суларды тазарту қондырғысында жұмыс істеп жүрген 31 жастағы Қазақстан азаматы қайтыс болды. Полиция мен еңбекті қорғау органдары қазақстандық азаматтың өліміне қатысты тергеуді бастады. Ер адам Чонджудағы шыны шығаратын зауытта ағынды суларды тазарту қондырғысында жұмыс істеп жатқан кезде құлап қалған. Дер кезінде ауруханаға жеткізілгенімен, науқас сол жерде көз жұмды.
Тергеу оның өлімі электр тогының соғуынан болған деп есептейді.
«Ер адам жұмыс орнында қайтыс болды, қазір оның туыстарымен байланысып, барлық қажетті құжаттарды дайындап жатырмыз», - деді бұл туралы ҚР Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Айбек Смадияров.
Оймақ
Қазақстан және шетел ақпараттарын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.
Ұқсас жаңалықтар
Түркістан облысындағы қанды оқиға: күдіктінің соты ашық өтетін болды
- авторОймақ
- 21 қараша, 2024