Бүгін Алматыда Роза Рымбаева есе беру кешін өткізеді. Қазақстанның Халық әртісінің өнерде жүргеніне елу жыл толды. Бұл уақыт оның өмірінің ең елеулі кезеңі болғаны рас.
– Есеп беру кешімнің бүкіл дайындық жұмысын екі ұлым – Әли мен Мәди толықтай өз мойындарына алды. Концерт бойы сахнада екі оркестрмен жұмыс істеймін. Бұл үлкен дайындық пен жауапкершілікті талап етеді. Осыдан елу жыл бұрын марқұм жолдасым Тасқын дирижер ретінде Республика сарайының сахнасына мені жетелеп шығарған еді. Қазір оның орнын екі ұлым басты. Екеуі де кәсіби музыкант болғандықтан, олар – менің тірегім, екі қанатым. Мен ана ретінде балаларымның кәсіби деңгейіне де, тәлім-тәрбиесіне де разымын. Әли мен Мәди туралы халық әрқашан жылы сөздерін жаудырып жатады. Анаға осыдан артық қандай бақыт керек?
Бұл кештен кейін де өмір тоқтап қалмайды. Өмір елу жылдық сахнамен шектелмейді. Осыған дейін Қазақстанның жартысын аралап шықсам, енді қалған өңірлерде концерт беру жоспарымда бар. Сондықтан алда атқарылар шаруа жеткілікті. Ең бастысы, осының бәрін көрерменге лайықты деңгейде ұсыну. Роза Бағланова апамыздың «Айналайын халқымнан еркелеткен» деген жылы сөзі бар еді. Расында, біз – сахнаның еркесіміз. Бірақ бұл еркелік жауапкершіліктен босатпайды, керісінше, кәсіби деңгейге деген талапты күшейтеді. Халық сенің өнеріңді құрметтеп, әніңді тыңдау үшін уақытын бөліп, кешіңе келеді. Ал әртістің үлкен міндеті – сол құрметке өз өнерімен лайықты деңгейде жауап беру. Өнер дегеніміз – мәдениет, тәрбие, рухани жауапкершілік. Сахнаға шыққан адам халықтың алдында тұрған қарапайым әртіс қана екенін ұмытпауға тиіс. Халық сенің әрбір сөзіңнен, әніңнен, олармен сырласуыңнан тәлім алады, рухани қуат табады. Сондықтан сен осы деңгейге бойыңдағы ізгі құндылықтарыңмен лайық бола білуің тиіс.
Мыңдаған көрерменнің алдына шыққанда, сен кімсің? Меніңше, сен – рухани дүниені насихаттайтын тәрбиеші, үміт пен оптимизм сыйлайтын, кейде ақыл айтып, кейде сырын ақтаратын адамсың. Мен сахнадағы өз миссиямды осылай түсінемін. Қазақ композиторлары да музыканы дәл осы мақсатта – халықтың мәдени деңгейін көтеру үшін жазады. Елу жыл ішінде қай сахнаны көрмедім, қандай шалғайда жатқан ауылда болмадым десеңізші?! Мен шалғайда жатқан ауылдарға барғанды ерекше жақсы көремін. Былтыр туған күнімде 1 300 шақырым қашықта орналасқан ауданға барып концерт бердім. Туған күн тойлап, банкет жасауды ұната бермеймін. Мен үшін туған күн – қарапайым халыққа концерт беру. Сол кезде ғана өнер адамы ретінде бір міндетімді атқарғандай күй кешемін, дейді әнші, Қазақстанның Халық әртісі Роза Рымбаева.
Әли мен Мәди толықтай өз мойындарына алды. Концерт бойы сахнада екі оркестрмен жұмыс істеймін. Бұл үлкен дайындық пен жауапкершілікті талап етеді. Осыдан елу жыл бұрын марқұм жолдасым Тасқын дирижер ретінде Республика сарайының сахнасына мені жетелеп шығарған еді. Қазір оның орнын екі ұлым басты. Екеуі де кәсіби музыкант болғандықтан, олар – менің тірегім, екі қанатым. Мен ана ретінде балаларымның кәсіби деңгейіне де, тәлім-тәрбиесіне де разымын. Әли мен Мәди туралы халық әрқашан жылы сөздерін жаудырып жатады. Анаға осыдан артық қандай бақыт керек?
Бұл кештен кейін де өмір тоқтап қалмайды. Өмір елу жылдық сахнамен шектелмейді. Осыған дейін Қазақстанның жартысын аралап шықсам, енді қалған өңірлерде концерт беру жоспарымда бар. Сондықтан алда атқарылар шаруа жеткілікті. Ең бастысы, осының бәрін көрерменге лайықты деңгейде ұсыну. Роза Бағланова апамыздың «Айналайын халқымнан еркелеткен» деген жылы сөзі бар еді. Расында, біз – сахнаның еркесіміз. Бірақ бұл еркелік жауапкершіліктен босатпайды, керісінше, кәсіби деңгейге деген талапты күшейтеді. Халық сенің өнеріңді құрметтеп, әніңді тыңдау үшін уақытын бөліп, кешіңе келеді. Ал әртістің үлкен міндеті – сол құрметке өз өнерімен лайықты деңгейде жауап беру. Өнер дегеніміз – мәдениет, тәрбие, рухани жауапкершілік. Сахнаға шыққан адам халықтың алдында тұрған қарапайым әртіс қана екенін ұмытпауға тиіс. Халық сенің әрбір сөзіңнен, әніңнен, олармен сырласуыңнан тәлім алады, рухани қуат табады. Сондықтан сен осы деңгейге бойыңдағы ізгі құндылықтарыңмен лайық бола білуің тиіс.
Мыңдаған көрерменнің алдына шыққанда, сен кімсің? Меніңше, сен – рухани дүниені насихаттайтын тәрбиеші, үміт пен оптимизм сыйлайтын, кейде ақыл айтып, кейде сырын ақтаратын адамсың. Мен сахнадағы өз миссиямды осылай түсінемін. Қазақ композиторлары да музыканы дәл осы мақсатта – халықтың мәдени деңгейін көтеру үшін жазады. Елу жыл ішінде қай сахнаны көрмедім, қандай шалғайда жатқан ауылда болмадым десеңізші?! Мен шалғайда жатқан ауылдарға барғанды ерекше жақсы көремін. Былтыр туған күнімде 1 300 шақырым қашықта орналасқан ауданға барып концерт бердім. Туған күн тойлап, банкет жасауды ұната бермеймін. Мен үшін туған күн – қарапайым халыққа концерт беру. Сол кезде ғана өнер адамы ретінде бір міндетімді атқарғандай күй кешемін.
Оймақ
Қазақстан және шетел ақпараттарын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.





