жұма, 20 қыркүйек, 2024 16:12

Қазақстан және шетел ақпаратын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Байланыс

Бишімбаев сотындағы алқабилердің фотосы таралып кетті

Бишімбаев сотындағы алқабилердің фотосы таралып кетті
Репортаждан скриншот
Желіде Бишімбаев сотындағы алқабилердің фотосы таратылып кетті

Өз әйелін өлтірді деп айыпталған Бишімбаевтың сотында БАҚ өкілдері алқабилердің суретін таратып жіберген. Ал бұған дейін алқабилердің жеке басын құпия ұстау керек екені айтылып, оларды түсіруге тыйым салынған еді.

КТК арнасы 9 сәуір күні Бишімбаев сотынан репортаж дайындау кезінде алқабилерді де түсіріп, оны кадрға қосып жіберген. Олардың түрін блюрламаған.

10 сәуір күні сот Бишімбаев ісі бойынша алқабилердің суретін таратуға қатысты тергеуді тағайындады. Судья тергеу аяқталғанша, БАҚ өкілдерін сот залынан шығаруды бұйырды. Енді журналистер сот залына кіре алмайды.

Осыдан соң КТК репортажды өшіріп тастады.

Оймақ
Автор

Оймақ

Қазақстан және шетел ақпараттарын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Ұқсас жаңалықтар