Қарағанды тұрғыны ұлтаралық алауыздық тудырғаны үшін 5 жылға сотталды
- авторОймақ
- 10 сәуір, 2024
- 560
Саран қаласының тұрғыны Қазақстанның аумақтық тұтастығына қарсы көзқарасын білдірген.
vk_gazeta сайтының мәліметінше, ер адам “Рулетка” чаты алаңында шетелдік азаматпен онлайн сөйлескен. Сөз барысында ол Қазақстанның аумақтық тұтастығына қатысты Конституцияға қарсы көзқарас блідіріп, жеке ұлттарға қатысты пікір айтқан. Бұл желі қолданушыларының наразылығын тудырды. Сараптамалар Саран қаласы тұрғынының мәлімдемелерінде сепаратистік көзқарас және ұлтаралық көзқарас белгілері бар екенін растады.
Сот Саран қаласы тұрғынына қылмыстық кодекстің 174 (Әлеуметтік, ұлттық, рулық, нәсілдік, таптық немесе діни араздықты тудыру) және 180-баптарына (Сепаратистік әрекет) сәйкес 5 жылға бас бостандығынан айыру жазасын тағайындады.
Оймақ
Қазақстан және шетел ақпараттарын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.
Бишімбаев сотындағы алқабилердің фотосы таралып кетті
Ұқсас жаңалықтар
Будапешттегі Король сарайында Қазақстан Президентін ресми қарсы алу рәсімі өтті
- авторОймақ
- 20 қараша, 2024