Мемлекеттік айыптаушы Нұрлан Билибеков күдіктіге 15 жыл жаза тағайындауды сұраған еді. Алайда сот Айбар Жанболатқа 14 жыл колония жазасын кесті.
Іс материалдарына сүйенсек, биыл маусым айында Айзат Жұманова ауыр халде ауруханаға жеткізілген. Оны күйеуі Айбар Жанболат өзі алып келген. Бірақ дәрігерлер оның денесінен көптеген көгерген іздер, сынған сүйектер мен жарақаттарды анықтады. Сараптама барысында Жұманова ұзақ уақыт бойы қатты соққыға жығылғаны белгілі болды.
Алғашында күдіктіге «абайсызда адам өліміне әкелген денсаулыққа ауыр зиян келтіру» бабы бойынша айып тағылған. Алайда қоғамның қысымынан кейін іс ҚР ҚК-нің 99-бабы — «Кісі өлтіру» болып қайта сараланды.
Кейін сот-медициналық сарапшы Тахир Халимназаров Айзаттың өлімі ауыр бас-ми жарақатынан болғанын растады.
Сот үкімі шұғыл шығарылды: Айбар Жанболат 14 жылға бас бостандығынан айырылды.
Оймақ
Қазақстан және шетел ақпараттарын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.






