Қоғам
2025 жылы Ұлттық қауіпсіздік комитеті 20 ұйымдасқан қылмыстық топтың жолын кесті
- авторОймақ
- 9 қаңтар, 2026
- 32
2025 жылы Ұлттық қауіпсіздік комитеті полиция органдарымен бірлесіп және прокуратураның үйлестіруімен 20 қылмыстық топ өкілдерінің әрекетінің жолын кесті, деп хабарлады oimaqnews.kz Ұлттық қауіпсіздік комитетінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Кісі өлтірді, бопсалады, есірткі мен қаруды заңсыз сақтады деген күдікпен 70-тен астам адам, соның ішінде қазақстандық және шетелдік құқық қорғау органдарымен ізделудегілер ұсталды.
Жасалған қылмыстарды тергеу барысында 30 бірлік атыс және 11 жарақат қаруы, сондай-ақ ақшалай қаражат тәркіленді.
Сотқа дейінгі тергеп-тексерулер жүргізіліп жатыр.
Ұйымдасқан қылмысқа қарсы іс-қимыл шаралары жалғасуда.
Автор
Оймақ
Қазақстан және шетел ақпараттарын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.






