Air Astana Атырау облысындағы су тасқыны жағдайына байланысты артқан сұранысты қанағаттандыру үшін Алматы мен Атырау арасында қосымша рейстер ашылатынын хабарлады.
Әуе тасымалдаушының баспасөз қызметі мәліметінше, 9 сәуірде Airbus A321 ұшағымен KC 8770 және KC 8780 қосымша рейстері орындалады. Алматыдан Атырауға ұшып кету уақыты 17.00-де. Кері рейс 21.15-те жүзеге асырылады.
"Air Astana табиғи апаттан зардап шеккендерге шын жүректен қайғырады және еріктілер ұйымдарынан ізгілік көмекті тегін тасымалдауға арналған өтініштерді қабылдайды", – делінген әуекомпания хабарламасында.
Ұшақтың 179 орындық сыйымдылығы бар.
Оймақ
Қазақстан және шетел ақпараттарын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.