Саясат
Әзербайжан Қазақстандағы су тасқынына байланысты мәлімдеме жасады
- авторОймақ
- 8 сәуір, 2024
- 588
Әзербайжан сыртқы істер министрлігі Х әлеуметтік желісінде арнайы жазба жариялап, Қазақстанға көңілқостық білдірді.
«Біз бауырлас Қазақстандағы алапат су тасқынына байланысты ақпараттарды күйзелісіпен қабылдадық.
Апаттан зардап шеккен отбасылар мен жақын-жуығынан айырылған азаматтарға көңіл айтамыз. Бауырлас Қазақстан халқы және үкіметіне тілеулестігімізді білдіреміз»,-делінген мәлімдемеде.
Естеріңізге салсақ, еліміздегі тасқынның салдарынан 3,6 мың үй су астында қалып, 72 мыңнан астам адам эвакуацияланды. Олардың 16 мыңнан астамы бала. Қазақстанның 10 өңірінде төтенше жағдай режиімі жарияланды.
Автор
Оймақ
Қазақстан және шетел ақпараттарын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.
Ұқсас жаңалықтар
Саясат
Будапешттегі Король сарайында Қазақстан Президентін ресми қарсы алу рәсімі өтті
- авторОймақ
- 20 қараша, 2024