2026 жыл елімізде Жасанды интеллект жылы ретінде жарияланды. Бұл бастама цифрлық технологияларды дамытуға, инновацияны қолдауға және қоғамның барлық саласына заманауи шешімдерді енгізуге бағытталған.
Жасанды интеллект білім беру, медицина, бизнес, өндіріс және мемлекеттік қызметтерде тиімділікті арттыруға мүмкіндік береді. Осы жыл аясында жаңа жобалар іске қосылып, стартаптар мен IT-мамандарға қолдау көрсетіледі, сондай-ақ цифрлық сауаттылықты арттыруға ерекше көңіл бөлінеді.
2026 жыл — технология мен адам әлеуетін біріктіріп, болашаққа сенімді қадам жасауға берілген үлкен мүмкіндік
Ақпаратты Ақорда мәлімдеді.
“Мемлекет басшысы 2026 жылды Цифрландыру және жасанды интеллект жылы деп жариялау туралы жарлыққа қол қойды”, – делінген хабарламада.
Оймақ
Қазақстан және шетел ақпараттарын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.






