Ұлттық ұланның баспасөз қызметінің хабарлауынша, Жамбыл облысының қорғаныс істері жөніндегі департаментінен (Тараз қаласы) мерзімді әскери қызметке шақырылған сарбаз әскерге келген алғашқы күндерінен бастап бірнеше рет медициналық көмекке жүгінген. Оның бұрын медициналық есепте тұрғаны және Шымкент қаласындағы медициналық мекемелерде тексеруден өткені белгілі болды.
2026 жылғы 6 қаңтарда әскери қызметшінің жүрегі кенеттен тоқтап, жүргізілген реанимациялық шараларға қарамастан, ол қалалық ауруханада қайтыс болды. Алдын ала диагноз — жедел лейкоз.
Аталған дерек бойынша әскери-тергеу басқармасы қылмыстық іс қозғады. Оқиға Ішкі істер министрінің орынбасары – Ұлттық ұлан Бас қолбасшысының жеке бақылауында. Ұлттық ұлан марқұмның туған-туыстары мен жақындарына көңіл айтты.
Оймақ
Қазақстан және шетел ақпараттарын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.






