сейсенбі, 23 желтоқсан, 2025 17:48

Қазақстан және шетел ақпаратын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Байланыс

"Сәлемдеме келді": алаяқтар ақтөбелік қызды алдап, 6,5 миллион теңге алдыртқан

"Сәлемдеме келді": алаяқтар ақтөбелік қызды алдап, 6,5 миллион теңге алдыртқан
istockphoto.com
Бойжеткен алаяқтың айтуымен бірден бірнеше банктен несие рәсімдеген.

Ақтөбеде 23 жастағы қыз телефон алаяқтығының құрбаны болды. Белгісіз ер адам оған қоңырау шалып, өзін «Қазпошта» АҚ курьерімін деп таныстырып, қыздың атына келген сәлемдеме бар екенін айтқан, деп хабарлайды Oimaqnews.kz  turkystan.kz.сайтына сілтеме жасап.

«Сәлемдемені алу» үшін қаскөй қыздан SMS-кодты айтып жіберуін сұраған. Одан кейін психологиялық қысым көрсетіп, жәбірленушіні жаңылыстырған.

Әңгіме барысында алаяқ қызды банк операцияларына қатысты бірқатар әрекеттерді орындауға көндірген.

Бойжеткен алаяқтың айтуымен бірден бірнеше банктен несие рәсімдеген. Қаскөй көрсеткен шотқа 6,5 миллион теңгеден астам қаражат аударған.

Кейін қыз өзінің алаяқтықтың құрбаны болғанын түсініп, құқық қорғау органдарына арызбен жүгінген.

Аталған дерек бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.

Қылмысқа қатысы бар тұлғаларды анықтау және ұстау мақсатында тергеу және жедел-іздестіру шаралары жүргізілуде.

 

Оймақ
Автор

Оймақ

Қазақстан және шетел ақпараттарын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Ұқсас жаңалықтар